×

Өтемақы төлеу туралы ақпарат жалған – министрлік

Бұл алаяқтардың азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін

 Динара Амантай 12.02.2024 | 17:36
Фото: Halyq Uni

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өтемақы төлейтіні туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға министрлік тарапынан өтемақы төленетіні туралы жалған ақпарат таратылып жатыр. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.

Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз, – делінген ЕХӘҚМ хабарламасында.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама