×

Қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақ жасырылған орын анықталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 12.02.2024 | 17:18
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

6-9 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде Алматы облысында қаруы бар 3 жасырын орынды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

4 Калашников автоматы мен оған 3 оқжатар, Макаров тапаншасы, карабин, аңшы мылтығы, сондай-ақ әртүрлі калибрдегі 65 патрон алынды, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама