×

Әлемге әйгілі желаяқ жол апатынан қаза тапты

Алты құрлық қара жамылып тұр

 Дастан Жұмабекұлы 12.02.2024 | 16:04
Фото: moldovalibera.md

Бүгін түнде әлемге әйгілі марафоншы-рекордшы Келвин Киптум жол апатынан қаза тапты. Онымен бірге бір автокөлікте жаттықтырушысы Жерве Хакизимана да болған. Ол да жол апатынан көз жұмды.

Келвин Киптум мен оның жаттықтырушысының қазасына бүкіл әлем есеңгіреп қалды. Қара құрлық қара жамылды.

Белгілі марафоншы, журналист Еренғайып Қуатайұлының айтуынша, 2022 жылы күзде Валенсия марафонында қара үзіп келген Келвин Киптумды ешкім білмеген. Өйткені бұл оның бірінші марафоны еді. 2023 жылы көктемде Лондон марафонын 2:01:25 нәтижесімен жүгіріп өтіп, чемпион атанғанда, аңыз марафоншы Элиуд Кипчогеге бәсекелес марафоншының келгенін әлем қауымдастығы жарыса жазған еді.

Осы жылы қазан айында Чикаго марафонында әлем рекордтын талқан еткен Киптум мегажұлдызға айналып шыға келді. 2:00:35! Бұл оның үшінші әрі соңғы марафоны екен. Жақында ғана жаттықтырушысы екеуі сәуірде өтетін Роттердам марафонын 2:00:00-ге жеткізбей жүгіріп, өз рекордын жаңартып қана қоймай, 21 ғасырда адамзат баласы жетпеген нәтижеге жетеміз десіп еді… Дегеніне жетпей кетті… 18 жасқа дейін Киптум отаны Кениядағы түрлі жарыстарға жалаңаяқ қатысқан. Кроссовки сатып алуға ақшасы болмаған. 2018 жылы Жерве Хакизимана спорттық карьерасын тәмамдап, қой бағып жүрген 19 жастағы Киптумды баптаған. Бес-ақ жылда бүкіл әлемді аузына қаратты, – деді ол.

Келвин Киптум небәрі 24 жасында талайдың кумиріне айналып үлгерген еді. Оның қазасына Африка ғана емес, тұтас алты құрлық марафон қауымдастығы есеңгіреп қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама