Қылшақты өзенінде баланы құтқарған ер адам марапатталды
Ол «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен наградталды
Қылшақты өзенінде баланы құтқарған ер адам медальмен марапатталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгін Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Қанат Доспаев Марат Зиядинді «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады.
Еске сала кетсек, 5 ақпанда Марат Зиядин Қылшақты өзенінде баланы құтқарып, ерлік көрсеткен.
Бүгінгінің батыры мұз астына түсіп кеткен баланы көріп, дереу оған қарай жүгіріп барып, мұз бетіне шығарған. Марат балаға өз сыртқы киімін кигізіп, үйіне дейін жеткізген болатын. Мұндай әрекеттер назардан тыс қалмауы керек. Ел өз батырларын білуге тиіс, – деп атап өтті Қанат Доспаев.