×

Алматыда дәмханаға кіріп кеткен көлік бір әйелді соқты

Оқиға Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелген

 Еркеғали Болатұлы 27.05.2022 | 14:56
фото: видеодан скриншот

Алматыда апат салдарынан «Toyota Camry» көлігі дәмхананың жазғы алаңына кіріп кетті. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 24 мамыр күні кешкі сағат 19:47 кезінде болған.

«Төле би көшесі бойымен батыс бағытта, Әуезов көшесінің қиылысында келе жатқан «Toyota Camry» көлігінің жүргізушісі солға бұрылып жатып, Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатқан «Volkswagen Polo» көлігіне соғылған. «Volkswagen» жүргізушісі көлігін қалдырып, оқиға орнынан кетіп қалды.

Ал соқтығыс салдарынан «Toyota Camry» автокөлігі инерциямен Төле би көшесінің бойымен шығыс бағытта жүріп келіп, қоғамдық тамақтану орны орналасқан ғимаратқа кіріп кеткен, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Соның салдарынан бір әйел зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Бұл оқиға Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркеліпті. Енді соның нәтижиесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

ШҚО-дағы 197 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Бұл мәселені 2025 жылға дейін шешеміз, - дейді министр
28.05.2023 | 15:15

Астанада емханалардың жеке медициналық зертханаларға қарызы 5 млрд теңгеге жетті

Мәселе қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты, - дейді Абай Ахметбек
28.05.2023 | 14:23

Ашаршылық туралы кітап пен Абай үйі: Кельнде Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Еуропадағы қазақ мәдени ұйымдарының саны артып келеді
28.05.2023 | 14:05

Елордада тағы 12 автобустың бағдары өзгерді

Өзгерген қозғалыс сызбасымен сілтемедегі сурет арқылы танысуға болады
28.05.2023 | 13:47