Биыл жаз ыстық болады: ТЖМ өрт қаупі туралы ескертті
Тиісті жоспар бекітілген
Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов биыл елімізде жаз ыстық болатынын айтып, қазақстандықтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Биыл жаз ыстық болады. Біз (өртке қарсы) дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл – жыл сайын жүргізілетін процедура. Бізде бекітілген бұйрық пен жоспар бар. Осының аясында жұмыс істеп, құрал-жабдықтар мен күшті дайындаудамыз. Төтенше жағдай министрлігі қолданыстағы заңға сәйкес, өрт қаупі туралы ескерту және елді мекендердегі өртті сөндіруге жауап береді, - деді Бауыржан Сыздықов Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Еске сала кетсек, былтыр Қазақстанда 800-ден аса орман өрті тіркелген.