×

Оңтүстік өңірлерде қылмыстық топ құрған ХҚКО басшылары ұсталды

Заңсыз құжаттар Тараз қаласында ресімделген

 Динара Амантай 12.02.2024 | 14:49
Фото: polisia.kz

Оңтүстік өңірлерде жұртқа жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жамбыл облысында полицейлер еліміздің оңтүстік өңірлері, атап айтқанда Жамбыл, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Олар тиісті оқыту сабақтарын және көлік басқаруын тәжірибе жүзінде тексерместен, ақшалай сыйақы үшін жүргізуші куәліктерін заңсыз берумен ұзақ уақыт бойы айналысқан.

Қылмыстық схемаға ХҚКО қызметкерлері және жоғарыда аталған өңірлерден жүргізуші куәлігін алғысы келетін тұтынушыларды іздеумен айналысқан көмекшілер кірген. Құжаттар Тараз қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімделген.

Осы жылы 12 ақпанда жоғарыда аталған өңірлерде күдіктілердің жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлері бойынша құрықтау және тергеу іс-шаралары жүргізілді. Оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылары мен лауазымды адамдары ұсталды. Тіркелген қылмыстық істер аясында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазір жүргізуші куәліктерін заңсыз берудің 35 дерегі анықталып, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен орындаушылар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама