×

Кот-д’Ивуар құрамасы – Африка кубогының иегері! (ВИДЕО)

Бұған дейін ивуарлықтар 1992 және 2015 жылы кубокты жеңіп алған

 Дастан Жұмабекұлы 12.02.2024 | 12:40
Фото: Twitter/@CAF_Online

Футболдан Африка ұлттары кубогының иегері анықталды. Биылғы кубокты Кот-д’Ивуар құрамасы иеленді. Бұл елдің командасы финалда Нигерия құрамасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Кот-д’Ивуар рет Африка ұлттары кубогының иегері атанды.

Финалда Кот-д’Ивуардың құрамында Франка Кессье мен Себастьена Алле гол салса, Нигерияның Уильям Троост-Эконг жалғыз өзі қақпаны дәл көздеді.

Бұған дейін ивуарлықтар 1992 және 2015 жылы кубоктың иегері болған еді.

Биылғы Африка ұлттары кубогы 13 қаңтар мен 11 ақпан аралығында Кот-д’Ивуар елінің Абиджан, Буаке, Корого, Сан-Педро, Ямусукро қалаларында жалауын көтерді. Оған 24 құрама қатысты. Турнирдің плей-офф кезеңіне 16 команда жолдама алды. Кейін ширек финалда ойнайтын жұптар анықталып, жартылай финалда Нигерия мен ОАР, Кот-д'Ивуар мен Конго ДР құрамалары кездесті.  ½ финалда Нигерия мен Кот-д'Ивуар командалары қарсыластарын жеңіп, финалға шықты.

Африка ұлттары кубогы 1957 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл турнирде Египет құрамасы 7 рет кубокты жеңіп алған.

Сондай-ақ Камерун – 5, Гана – 4, Нигерия – 3, Кот-д’Ивуар, Алжир, Конго Демокртаиялық Республикасы 2 рет жүлденің иегері атанса, ол кубокты Замбия, Судан, Тунис, Сенегал, Эфиопия, Оңтүстік Африка, Марокко, Конго елдерінің футболшылары бір-бірден иеленіп көрген.

Жақында Катар елінде де Азия кубогы үшін жарыс болып, онда алаң иелері жеңімпаз атанды. Финалда Катар Иорданияны 3:1 есебімен жеңді. Бұл ойында Катардың ойыншылары 3 рет пенальтиден гол салды. Оның алдында ¼ финалда алаң иелері Өзбекстан құрамасын да матчтан кейін берілген пенальти сериясында жеңген болатын.

Биыл Еуропа чемпионаты (14 маусым-14 шілде) мен Америка кубогы (20 маусым-14 шілде) жолындағы турнир де жалауын көтереді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама