Мемлекет басшысы қазақ-катар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13-14 ақпанда Катарға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сапар барысында Катар мемлекетінің әмірі, шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және премьер-министр, шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді.
Сондай-ақ президент қазақ-катар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, осы елдің бизнес өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.