×

Жолдарды дұрыс күтіп ұстамаған басшы-қосшылар орнын босатты

Мердігерлерге 1,6 млн теңгеден астам айыппұл салынды

 Динара Амантай 12.02.2024 | 12:20
Фото: Көлік прокуратурасының баспасөз қызметі

Көлік прокуратурасы қыс мезгілінде халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстау жөніндегі уәкілетті органдар мен ұйымдардың қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қадағалау іс-шаралары жол қызметтерінің жұмысы жолдарды метеорологиялық факторлардың әсерінен тиісті қорғауды қамтамасыз етпейтінін көрсетті.

Солтүстік Қазақстан облысының көлік прокуратурасы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Қажсервис» ЖШС аумақтық филиалдарында қар тазалау техникасы мен көктайғаққа қарсы материалдардың тапшылығын анықтады. Температураның күрт өзгеруі мен қардың түсуі кезіндегі бұл жағдай Солтүстік Қазақстан облысының республикалық жолдарындағы жол қозғалысын қиындатып, қауіпсіздікке тікелей қауіп төндірді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Шымкент көлік прокуратурасы осыған ұқсас заңдылықтың жай-күйіне жүргізген талдау нәтижелері де Түркістан облысының республикалық жолдарын күтіп ұстау үшін жол техникасының қажетті санының жоқтығын айғақтайды.

Салдарынан өткен жылдың 12-15 желтоқсаны аралығында қарлы боран мен қар жауған кезде кешіктірілген тазалау жұмыстары Шымкент-Тараз бағыты бойынша көлік ағынын тоқтатқан (50-ге жуық автокөлік жолдарда тұрып қалды). Анықталған бұзушылықтарды жою үшін прокуратуралармен автожолдарды басқару жөніндегі ұлттық оператордың атына ұсыныс енгізілді, – делінген хабарламада.

Прокуратураның қадағалау актілерінің бірі бойынша лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 11 қызметкермен және «Қажсервис» ЖШС Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директорымен еңбек шарттары бұзылды. Тағы біреуі бойынша қызмет көрсететін мердігерлерге 1,6 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Сонымен қатар, көлік прокурорларының араласуынан кейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ алдағы уақытта ел өңірлеріне тарату үшін 245 қосымша жол техникасын сатып алуға бағытталған іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама