Ақтөбе облысында жолда қалған 3 мыңнан аса жүк көлігі қозғалысын жалғастырды
Учаскеде әлі де қарқынды жұмыстар жалғасып жатыр
Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автожолындағы көлік кептелісі тарқады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«Қазавтожол» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қолайсыз ауа райы салдарынан жолда қалған 3 мыңнан аса ауыр жүк көліктердің колоннасы Қызылорда бағытында қозғалыстарын жалғастырған. Алғашқы шебі Хромтау қаласынан асып та үлгерген.
Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қозғалыс 50-100 автокөлік арасына үзіліс жасап іске асырылып жатыр. Қазір Хромтаудан үшінші кезектегі көліктер колоннасы өтті.
Учаскеде әлі де қарқынды жұмыстар жалғасып жатыр.