Қазақстан командасының Ұлттар лигасындағы ойын кестесі шықты

Дастан Жұмабекұлы

Ұлттық құрама матчтардың қиын болатынына қарамастан әрбір ойынды жеңу үшін алаңға шығады

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымының жеребе тарту қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Аустрия, Норвегия мен Словения командаларымен бірге үшінші топқа түскен болатын. Жақында Қазақстан құрамасының матчтарының кестесі (Астана уақыты бойынша) шықты.

06.09.2024 | 19:00

Қазақстан – Норвегия

09.09.2024 | 23:45

Словения – Қазақстан

10.10.2024 | 23:45

Аустрия – Қазақстан

13.10.2024 | 18:00

Қазақстан – Словения

14.11.2024 | 20:00

Қазақстан – Аустрия

17.11.2024 | 22:00

Норвегия – Қазақстан

Топ жеңімпазы бірден А лигасына шығады. А лигасының топтарында үшінші және В лигасының топтарында екінші орын алған командалар, сондай-ақ В лигасы топтарында үшінші орын және С лигасы топтарында екінші орын алған жеңімпаздар көтерілу үшін бір-бірімен үйде және сыртта плей-офф ойындарында кездеседі.

Ұлттық құраманың бас жаттықтырушы Магомед Адиевтің айтуынша, Қазақстан үшінші топта мықты қарсыластармен күш сынасады. Дегенмен ұлттық құрама бәсекенің қиын болатынына қарамастан әрбір ойынды жеңу үшін алаңға шығады.