Тұрғындар оның үстінен полицияға арызданған
Павлодар тұрғыны лифтіде темекі шеккені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Павлодар қаласында академик Шоқин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындарынан полицияға лифтіде темекі шегетін адамға қатысты шаралар қабылдау туралы хабарлама түскен. Оның әрекеті тұрғындарға қолайсыздық тудырып, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін болды.
Ер адамның жеке басы анықталды. Ол Екібастұз қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған жерлерде темекі өнімдерін тұтынғаны үшін құқық бұзушы жауапкершілікке тартылып, оған 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар қаласы ПБ оңтүстік полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Алтынбек Медьяров.
Айта кетсек, биыл ұсақ бұзақылық жасағаны үшін облыстың 89 тұрғыны жауапқа тартылған.