×

Әділ Ғалиахметов – шорт-тректен Әлем кубогының қола жүлдегері!

Денис Никиша қолымен қарсыласына кедергі келтіргені үшін жазаланып, алтын медальдан айырылды

 Дастан Жұмабекұлы 12.02.2024 | 10:06
Фото: Сали Сабиров

Германияның Дрезден қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогының бесінші кезеңінде Әділ Ғалиахметов 1000 метрге жарыстың финалында бақ сынап, мәреге үшінші болып келді.

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, одан басқа тағы бір отандасымыз Денис Никиша жарыста 500 метр қашықтыққа жүгіруден мәреге бірінші болып келгенмен, жүлдесіз қалды. Ол қолымен қарсыласына кедергі келтіргені үшін жазаланып, алтын медальдан айырылды.

Алтын мен күміс медаль Оңтүстік Корея спортшыларына берілді. Алтын жүлдені мәреге екінші болып келген Пак Дживон алды. Ал финишке үшінші болып жеткен Чан Сунву екінші орынға лайық деп танылды.

Денис Никиша жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама