Halyq Uni логотип
×

Жосықсыз мердігер қауіпті медициналық қалдықтарды заңсыз қоймаға сақтаған

Қостанай облысының прокурорлары қоршаған ортаның ластануын болдырмады

 Динара Амантай 12.02.2024 | 09:45
Жосықсыз мердігер қауіпті медициналық қалдықтарды заңсыз қоймаға сақтаған
Фото: Қостанай обл. прокуратурасының баспасөз қызметі

Қостанай облысының табиғат қорғау прокурорлары қауіпті медициналық қалдықтардың қоймасын жапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Талдау кезінде «А.» ЖШС қауіпті медициналық қалдықтарды шығару және кәдеге жарату жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алудың 7 рәсімі бойынша жеңімпаз деп танылғаны анықталды.

ЖШС-нің ғимараты Астананың шетінде орналасқандықтан, жосықсыз мердігер қалдықтарды заңда көзделгендей әр 3 күн сайын өзінің объектісіне апарудың орнына, оларды Қостанай қаласында заңсыз қоймаға сақтаған. Қауіпті қалдықтардың жиналуы қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамастан іске асырылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар, кәсіпорын елордаға қауіпті қалдықтарды тасымалдау үшін арнайы мамандандырылған көлікті емес, мобильді қосымша арқылы жалға алынған қарапайым жүк көлігін пайдаланды.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 332-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама