×

Жедел жәрдем жүргізушісіне жасалған шабуыл туралы тың дерек шықты

 Халық үні 11.02.2024 | 19:30
фото: видеодан скриншот

Щучье қаласындағы жанар-жағар май құю бекетінде болған шабуылдан кейін жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Бурабай көпсалалы ауданаралық ауруханасының қабылдау бөлмесінің көмегіне жүгінді. 

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 ақпанда екі фельдшер мен жүргізушіден тұратын №2 жедел жәрдем бригадасы HYUNDAI санитарлық көлігімен Щучье қаласындағы «Гелиос» жанар-жағар май құю бекетіне барған.

Жанар-жағар май құю кезінде жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен Ресейде тіркелген мемлекеттік нөмірдегі «Toyota Land Cruiser 200» автокөлігінің жүргізушісі арасында жанжал туындаған. Соның салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне дене жарақаты келтірілді. Оқиғадан кейін ол медициналық көмек көрсету және одан әрі бақылау үшін Бурабай көпсалалы ауданаралық ауруханасының қабылдау бөлмесінің көмегіне жүгінді, - деп түсіндірді басқармадан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Щучьеде жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адам ұсталғанын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама