×

Израиль әскері 28 мыңнан астам палестиналықты қырып салған

Тағы 68 мыңға жуығы жаралы

 Еркеғали Болатұлы 11.02.2024 | 16:25
фото: bangkokbook.ru

Газа секторында Израильдің әуе соққысынан 117 палестиналық қаза тауып, тағы 152 адам жараланды. Бұл туралы аймақтың Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген.

Былтырғы қазаннан бері Израиль әскерінің қолынан құрбан болғандар қатары 28 мыңнан асып кетті. Сондай-ақ 68 мыңға жуық палестиналық жарақат алған.

Ал Израиль тарапынан 1400-дей тұрғын ажал құшқан. Өткен аптада ЦАХАЛ мен ХАМАС 30 күндік бейбіт бітімге келгендей болып еді, бірақ ол әлі күшіне енген жоқ.

Енді ақпанның аяғына қарай Палестина халқы Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық көмегінсіз қалуы мүмкін. Өйткені Израиль билігі халықаралық қауымдастықтың Таяу Шығыстағы өкілдігінің 12 қызметкерін ХАМАС-тың сыбайласы деп айыптап, осыған сенген донор-елдер қаржы беруді тоқтатқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама