×

Алматы облысында қар көшкіні жүрді

Соған байланысты бірқатар жол бөлігі жабылған

 Ербол Тұрымбет 11.02.2024 | 14:49
фото: t.me/qr_tjm

Алматы облысының ТЖД-ға Еңбекшіқазақ ауданында қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты таулардың баурайында қар көшкінінің өздігінен түскені туралы хабарлама түскен. Көшкіннің жалпы көлемі – 52,5 текше метр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Хабарлама бойынша, қар көшкіні жүргендіктен, «Түрген ауылы-Батан шатқасы» облыстық маңызы бар тасжолы жабылған. Автожолды тазарту жұмыстарын «Қазселденқорғау» ММ өкілдері жүргізу үстінде. Түрген өзенінің арнасы бойымен су қалыпты жағдайда ағып жатыр. Қаза тапқандар мен қираған дүние жоқ.

Азаматтардың және автокөліктің жол қозғалысы қауіпсіздігі мақсатында 1 мамырға дейін жолдың осы бөлігі – Есік қаласы-Есік көлі автожолының 15-шақырымынан 41-шақырымына дейін, сонымен қатар Есік және Түргеннің 20-шақырымынан Түрген-Батан ауылы-Ассы обсерваториясы автожолының 41-шақырымына дейін жабылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама