×

Министр көпшілікті ғылымдағы әйелдерді қолдауға шақырды

11 ақпан – Халықаралық ғылымдағы әйелдер мен қыздар күні

 Еркеғали Болатұлы 11.02.2024 | 13:16
фото: Getty Images

Бүгінгі күн әйелдер мен қыздардың ғылым мен техника саласындағы мүмкіндіктерін дамытуға қолдау көрсетудің маңызын еске салады. Бұл туралы Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасына жазды.

Айтуынша, ғылымға қызығатын қыздар үшін үлгі алатын тұлғалардың болуы маңызды. Сондай-ақ ол жақында биолог, белгілі ғалым Күнсұлу Закарьяның вакцинация саласының дамуына үлес қосқан әйелдердің әлемдік рейтингіне енгенін, оның жетекшілігімен бір топ ғалым 2020 жылы отандық QazVac вакцинасын әзірлегенін атап өтті. Одан бөлек, белгілі ғалымдар Нағима Айтхожина мен Патшайым Тәжібаева сияқты тұлғалар да мақтан тұтуға тұрады.

Қазақстандық ғылым жаңа кезеңге аяқ басып отыр. Мемлекет басшысы бұл бағыттың маңыздылығына ерекше мән береді. Осы салада атқарылып жатқан жұмыстар айтарлықтай нәтиже көрсететін ғалымдардың жаңа қауымдастығының қалыптасуына ықпал етті. Дегенмен бүгінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қатысатын әйелдердің үлесі шамамен 54%-ды қамтиды. Бұл – 10 мыңнан астам адам. Алайда олардың есімдері мен жетістіктерінен көпшілігі бейхабар, - деп атап өтті Аида Балаева.

Сондықтан ол барша жұртты ғылымдағы әйелдерді қолдауға және олардың есімдері мен жетістіктерін көбірек насихаттауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама