×

Катар ұлттық құрамасы Азия кубогын жалғыз шабуылшының арқасында жеңіп алды

Жалпы есеп 3:1 болып аяқталды

 Еркеғали Болатұлы 11.02.2024 | 10:10
фото: pressball.by

Футболдан Катар ұлттық құрамасы Азия кубогының финалдық ойынында Иорданияны жеңді.

Матч сенбіде Лусаил қаласындағы (Катар) Лусаил Иконик стадионында өткен болатын. Турнир қожайындары 3:1 есебімен басымдық танытты.

Ойынның 22-минутында катарлық шабуылшы Акрам Афиф пенальтиден гол соғып, командасын алға шығарды. Иордания 67-минутта шабуылшы Язан Аль-Найматтың голы арқасында таразы басын теңестірген еді. Алайда бар-жоғы 5 минуттан кейін катарлықтар тағы да айып добын орындау құқығына ие болды. Бұл жолы Афиф пенальтиден мүлт кетпей, командасын қайтадан алға шығарды. 90+4-минутта Акрам тағы да пенальтиден гол соғып, ойынның нүктесін қойды.

Жалпы есеп 3:1 болып аяқталды.

Еске сала кетсек, Катар құрамасы бұған дейін осы жүлдені 2019 жылы БАӘ-де өткен турнирде жеңіп алған болатын.

Ал Азия кубогында ең көп жеңіске Жапония құрамасы жеткен. Бұл елдің футболшылары жүлдеге 4 рет ие болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама