×

Ақтөбе облысында тасжолдағы көлік кептелісі 30 шақырымға созылды

Ауыр жүк көліктерінің иелері іздестіріліп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 11.02.2024 | 09:40
фото: Қазавтожол

Хромтау қаласы мен Қарабұтақ ауылы арасында 30 шақырымдық көлік кептелісі болды.

«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолдарды қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жол жөндеушілердің тәулік бойы жұмыс істеп жатқаны хабарланды.

Ауыр жүк көлігінің жүргізушілері көліктерін 4 шақырымға 2-3 қатарға қойып қойған. Бұл әрекет жол бөлігіндегі қарды тез арада тазалауға кедергі келтіріп отыр.

Кептелісті жою үшін ауыр жүк көліктерінің иелері іздестіріліп жатыр.

Бүгін, яғни 11 ақпанда жеңіл көліктер үшін Ақтөбе-Хромтау бағытындағы жол ашылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама