11 ақпанда Астанада тұман түсуі ықтимал.
Қазақстанның 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
11 ақпанда Астанада тұман түсуі ықтимал.
Ұлытау, Қарағанды облыстарында, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында қар жауады, көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысы, Түркістан облысы, Қызылорда облысында да көктайғақ болады. Тұман түседі деп болжанды.
Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Жетісу өңірінде боран күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында қар араласы жаңбыр жаууы ықтимал.