Риддерде жер сілкінісі болды
Коммуналдық және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тексеру жүргізіліп жатыр
ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 14:24-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 1023 шақырым жерде Ресей аумағында (Алтай Республикасы, таулы жер, Қазақстан шекарасынан 30 шақырым жерде) орналасқан.
Риддер қаласында 2 балл сезілді. Жағдай тұрақты. Зардап шеккендер мен қираулао туралы ақпарат келіп түскен жоқ, – делінген ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, коммуналдық және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тексеру жүргізіп жатыр. ТЖМ азаматтарға сабырлы болып, дүрбелеңге түспеуді сұрайды.