×

Әлемге аты әйгілі бүркітші қыз Қазақстан чемпионатына қатысып жатыр

Алдағы үш күн ішінде үздіктердің арасынан ең мықты анықталатын болады

 Динара Амантай 10.02.2024 | 15:54
Фото: instagram.com/adrien.dogz және Ұлттық спорт қауымдастығы

Кеше ШҚО-ға қарасты Ұлан ауданы Бозанбай ауылында 2024 жылға арналған Құсбегіліктен ересектер арасындағы XVII ҚР чемпионаты басталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алдағы үш күн ішінде үздіктердің арасынан ең мықты анықталатын болады.

Ұлттық спорт қауымдастығы баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы сайысқа еліміздің 12 облысынан 59 бүркіт, 14 қаршыға, 21 ителгі әкелінген. Қатысушылардың арасында әлемге аты белгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы да бар.

Сайыстың бірінші күні құсбегілер үшін оңайға соққан жоқ. Өйткені облыс аумағында қатты жел мен ақ түтек боран басылмай тұр.

Айта кетсек, «Құсбегілік» федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама