Тергеушінің әрекеті заңсыз деп танылды
Шымкентте кәсіпкердің құқығы қорғалды, деп хабарлады қалалық прокуратура.
Былтыр Жаңа жыл қарсыңында Шымкент қаласының Экономикалық тергеп-тексеру департаменті кәсіпкерлік субъектісіне қатысты көрiнеу жалған есепке алу-бақылау маркалары қолданылған алкогольдік өнімді сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған (Қылмыстық кодекстің 233-бабы 2-бөлігі бойынша).
Кәсіпорынның балансына тіркелген қоймада спирттік өнімнен бөлек басқа да алкогольсіз және салқын сусындар мен шырындар сақталған.
Тергеуші тауарларды данамен алу барысында заңды өрескел бұзған. Сондай-ақ ол тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін кәсіпкердің сауда-саттық жасауын шектеп, барлық қойманы жауып мөрлеген. Қала прокуратурасы тергеушінің бұл әрекеттерін заңсыз деп танып, қылмыс құрамының болмауына байланысты істі тоқтатты, - деп жазылған хабарламада.