Halyq Uni логотип
×

Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының ойын кестесі жарияланды

Алғашқы матч 6 қыркүйекте елімізде болады

 Дастан Жұмабекұлы 09.02.2024 | 17:00
Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының ойын кестесі жарияланды
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының биылғы маусымындағы ойын кестесі белгілі болды.

Алғашқы матч 6 қыркүйекте өз алаңымызда болады. Ұлттық құрама Норвегия командасымен ойнайды.

9 қыркүйекте Словения-Қазақстан, 10 қазанда Аустрия-Қазақстан, 13 қазанда Қазақстан-Словения, 14 қарашада Қазақстан-Аустрия матчтары өтеді.

Еліміздің бас командасының топтық кезеңдегі соңғы мачты 17 қарашаға жоспарланған. Осы күні ұлттық құрама сырт алаңда Норвегияға қарсы ойнайды.

Топ жеңімпазы бірден А лигасына көтеріледі. А лигасының топтарында үшінші және В лигасының топтарында екінші орын алған командалар, сондай-ақ В лигасы топтарында үшінші орын және С лигасы топтарында екінші орын алған жеңімпаздар көтерілу үшін бір-бірімен плей-офф ойындарында кездеседі.

Бүгін Францияның астанасы – Париж қаласында футболдан 2024-2025 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребесі тартылды. Қазақстан В лигасында Аустрия, Норвегия, Словения құрамаларымен бірге бір топқа түсті.

Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиевтің айтуынша, Қазақстан үшінші топта мықты қарсыластармен күш сынасады. Дегенмен ұлттық құрама бәсекенің қиын болатынына қарамастан алаңға әрбір ойынды жеңу үшін шықпақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама