×

Алматыда басқарма басшысының орынбасары ұсталды

Күдікті үй қамағына алынды

 Дастан Жұмабекұлы 09.02.2024 | 16:31
Фото: almaty.tv

Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары алаяқтық бойынша ұсталды.

Қазір Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы» КММ басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.

Шенеунік алаяқтық жасау күдігіне ілінді. Ол алдау арқылы аула аумақтарын күтіп ұстау, жинау және ҚТҚ шығару бойынша қызметтер көрсету шарттарын жасасу сылтауымен 21 млн теңге көлемінде жергілікті кәсіпкердің ақшалай қаражатын иемденген.

Күдікті үй қамағына алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама