Биыл Ақтау порты арқылы 287 мың тонна мұнай экспортталды
Бір жылда көрсеткіш 76 мың тоннаға артты
2024 жылғы қаңтарда Ақтау порты арқылы шетелге 287 мың тонна мұнай тасымалданды, деп хабарлады «ҚазТрансОйл» АҚ.
Биыл қаңтарда Ақтау порты арқылы тасымалданған Қазақстан мұнайының экспорты 287 мың тоннаға жетті. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 76 мың тоннаға артық. Атап айтқанда, Ақтау портынан Баку портына мұнай тасымалдау көлемі 60 мың тоннаға өсіп, 116 мың тонна болды. Сондай-ақ Ақтау портынан Махачкала портына 171 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді. Бұл – былтырғы қаңтардағы көрсеткіштен 17 мың тоннаға артық,- деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырған еді. Осыған байланысты «ҚазМұнайГаз» АҚ мен SOCAR (Әзербайжан) мұнай компаниясы Теңіз кен орнынан «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры арқылы жылына 1,5 млн тонна мұнай тасымалдауға келісім жасады.