×

9 ақпанға ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 9 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

 Халық үні 09.02.2024 | 06:38
Фото: Астана ТЖД

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 9 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Самараның үстінде орналасқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның барлық аумағына өз ықпалын сақтайды: жаңбыр мен қар түрінде жауын – шашын жауады, солтүстікте – қатты жауын-шашын болады. Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман, желдің күшеюі, солтүстік-батыста, солтүстікте, боранмен қатты жел күтіледі.

Ақмола облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда  30 м/с және одан да аса өте қатты жел күтіледі.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама