×

Көкшетау мектептерінде ішімдікке салынып кеткен күзетшілер жұмыс істеп келген

Олар наркологиялық диспансерлік есепте тұрған

 Динара Амантай 08.02.2024 | 16:54
Фото: Halyq Uni

Көкшетау қаласының прокуратурасы Ақмола облысының полиция департаментімен бірлесіп, мектептерге өз қызметін көрсететін жеке ұйымдардың қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тексеру барысында «Алкогольді тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, тәуелділік синдромы» диагнозымен наркологиялық диспансерлік есепте тұрған күзетшілер анықталды.

Күзетшілердің өздеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі бөлігінде басқа да бұзушылықтар, сондай-ақ оларды күзетші ретінде еңбек қызметін іске асыруға тыйым салатын баптар бойынша бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Тексеру нәтижелері бойынша Көкшетау қаласының прокуратурасы уәкілетті органға кінәлілерді заңда белгіленген жауапкершілікке тарту және қызметкерлерді мектептерді қорғаудан шеттету мақсатында заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама