«Дикий Арманның» ел ішінде жасырынып жүрген серіктері ұсталды
Олар Қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша іздеуде болған
Қаңтар оқиғасына қатысып, полициядан жасырынып жүрген 2 қылмыскер ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылдан бері ел аумағында ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген күдікке іліккен ұйымдасқан қылмыстық топтардың 19 көшбасшысы мен белсенді мүшеcі ұсталған.
Кеше Алматы және Шымкент қалаларының аумағында ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген қаңтар оқиғасының 2 қатысушысын ұстады. Олар – Жұмагелдиев ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері.
Ұсталғандардың бірі – Самат Әмірбаев 2022 жылы Шымкентте кісі өлтіруге және сол қаланың басқа тұрғынына қатысты өзінше билік етуге қатысы бар деген күдікке ілнді. Ол Түркістан облысының аумағында ұсталды. Оның кісі өлтіру фактісі бойынша сыбайластарының бірі 16 жылға сотталып, қазір бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеп жатыр. Ұйымдасқан қылмыстық топтың екінші мүшесі Алматы әуежайында шекаралас елдің аумағынан келгеннен кейін ұсталды. Онда ол Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынған. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.