Қазір мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары қарастырылып жатыр
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Ақшың» сауда үйінің кәсіпкерлерімен кездесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, жиынға ТЖД, полиция департаментінің өкілдері, облыс әкімдігі басқармаларының басшылары мен қала тұрғындары қатысты.
Қазір мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары қарастырылып жатыр. Өрттен зардап шеккен кәсіпкерлердің құқығын қорғау, туындаған мәселені шешумен айналысатын жұмыс және жедел-тергеу тобы құрылды.
Мен сіздерге қолдау жасалатынын және бұл жағдайға байланысты жан-жақты ашық шешім қабылдауға кепілдік беремін. Мемлекеттік көмектің барлық тетіктері ұсынылатын болады. Арнайы қор құру жоспарланған. Өйткені жергілікті кәсіпкерлердің де көмектесуге ниеті бар. Біз жағдай реттелмейінше өз өніміңізді сататын 13 сауда орнын ұсынамыз, – деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Кездесу барысында мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық мәселені қарастыратын кәсіпкерлерден бастамашыл топ құру ұсынылды.
Айта кетсек, Семейдегі «Ақшың» сауда орталығындағы өртке қатысты жағдай Үкіметтің және облыс әкімінің жеке бақылауында.