Түркістан облысында жоғалған екі адамның біреуі өлі табылды
Ауа райының нашарлауынан іздеу жұмыстары қиындаған
Түркістан облысында жоғалған екі азамат табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше 1975 және 1989 жылдары туған екі адам Түлкібас ауданының Керейт ауылынан мал іздеуге шығып, ауа райының қолайсыздығынан адасып кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 48 адам, 4 техника, 2 дроннан тұратын Түркістан облысы ТЖД, ЖАО күштері мен құралдары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Ауа райының нашарлауынан іздеу жұмыстары қиындады.
Іздеу тобы 1989 жылы туған азаматты Шинбұлақ ауылынан тапты. Өкінішке қарай, 1975 жылы туған азаматтың денесі табылды, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Ведомство өкілдері қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, дауыл туралы алдын ала ескертулерге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда үйде болуды ескертеді.