Көлікте 2 медбике мен 1 науқас және жүргізуші болған
Қостанай облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жол қызметкерлері «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» республикалық маңызы бар күре жолдың 60-шақырымында нөлдік көрініс салдарынан жол апатына түскен жедел жәрдем қызметкерлеріне көмек көрсетті, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Көлікте 2 медбике мен 1 науқас және жүргізуші болған. Олар тез арада жолшылардың сүйемелдеуімен облыстық ауруханаға жеткізілді.