«Баршаның назарына!»: бүгін ел бойынша жаппай дабыл қағылады

Динара Амантай

Электр дабылдары Астана уақыты бойынша сағат 12:55-те қосылады

Фото: Halyq Uni

Бүгін еліміздің барлық өңірінде электр дабылдары қосылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 8-9 ақпанда елімізде «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Оқу-жаттығудың республикалық штабы Ақтөбеде орналасады.

«Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында бүгін сағат 12:55-те (Астана уақыты бойынша) барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз, – делінген ТЖМ хабарламасында.