Қазақстанда жел күшейіп, қар аралас жаңбыр жауады
Батыс пен солтүстікте күн суытады
Синоптиктер 8-10 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Алдағы күндері Қазақстан атлантикалық циклонның ықпалына түсіп, ауа райы бұлтты болады.
Солтүстікте желдің күші 23-28 м/с-ке, кейде 30 м/с-ке жетеді, қар аралас жаңбыр жауады.
Солтүстік аймақтарда қатты қар жауып, бұрқасын болады деген болжам бар.
Сондай-ақ циклон қысқа уақытта ауа райының жылынуына ықпал етеді. Осылайша, аяз сынады.
10 ақпанда еліміздің батысы мен солтүстік-батысында ауа температурасы түнде -12-20 градусқа дейін төмендейді.
Республиканың қалған бөлігінде ауа температурасына байланысты күрт өзгерістер болмайды.