Дауыл туралы ескерту: 12 өңірде жолдар жабылды
Көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді
Бүгін сағат 15:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 66 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
- Ақмола облысында – 12 учаске
- Ақтөбе облысында – 13 учаске
- Атырау облысында – 2 учаске
- Жамбыл облысында – 1 учаске
- Жетісу облысында – 1 учаске
- Батыс Қазақстан облысында – 7 учаске
- Қарағанды облысында – 11 учаске
- Қостанай облысында – 8 учаске
- Қызылорда облысында – 1 учаске
- Павлодар облысында – 3 учаске
- Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске
- Ұлытау облысында – 3 учаске
«Казгидромет» ақпаратына сәйкес, 7-8 ақпанда еліміздің бірқатар облысында ауа райы бұзылады. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында жел күшейіп, таулы аудандарда кешке қатты жауын-шашын (қар мен жаңбыр) күтіледі. Қалың тұман салдарынан көру қашықтығы төмендейді. Тараз қаласында көктайғақ пен қалың тұман күтіледі. Ал Ақтөбе облысында жел күшейіп, бұрқасын болады деген болжам бар.
Барлық жолаушы діттеген жерге жетуге асық екенін түсінеміз. Біз сіздердің аман-сау жетулеріңіз үшін аянбай еңбек етудеміз. Барлық жол қызметкерлері күшейтілген тәртіпте, тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Сапарларыңызды жоспарлағанда ауа райы болжамына, төтенше қызметтің хабарламасына және автожолардағы қозғалыс шектеулеріне ерекше мән берулеріңізді сұраймыз, – делінген «Қазавтожол» хабарламасында.