2022 жылғы 1 қазанға дейін бұл қызмет түрі қолжетімсіз
Қазақстанның eGov жүйесінде шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру уақытша тоқтатылды. Порталдың өзінде бұл қызметтің әзірге қолжетімсіз екені және қызметтің қолжетімділігін жаңартудың жоспарланған мерзімі — 2022 жылғы 1 қазаны екені жазылған.
ЖСН – 12 цифрдан тұратын бірегей комбинацияны білдіреді, құжаттарды дайындаудың ақпараттық-өндірістік жүйесінде бастапқы тіркелген кезде жеке тұлға үшін құрылады.
ЖСН бірегейлік және өзгермеушілік қағидаттарын ескере отырып қалыптастырылады. ЖСН деректерінің құрылымында пайдаланылатын әртүрлі деңгейдегі ақпараттық банктер деректерінің тұтастығын сақтау мақсатында ол бастапқы қалыптастырылған сәттен бастап қандай да бір түрлендіруге немесе қайта құруға жатпайды.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстанда тұруға ықтияр хатының бет жағында ЖСН көрсетілмеген, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігінің 2-бетіндегі мәтінде 12 цифрдан құралған ЖСН көрсетілмеген шетел азаматтары бұрын берілген құжаттарын ЖСН бар ҚР-да тұруға ықтияр хатқа немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігіне қайта ресімдеу үшін келген орны бойынша аумақтық ішкі істер органдарына хабарласады.
Бұған дейін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қазақстанда ЖСН алуға өтініш жасағандар шетелдіктер саны шамамен 10 мыңға жуықтағанын айтты.
Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН мынадай жағдайларда қажет:
Шетел азаматтарына ЖСН алу үшін Қазақстанда болу міндетті емес. Оны сенімхат бойынша істеуге болады.