Алматыда заңсыз жапсарлас құрылыс сүріліп жатыр
Дәмхана Достық даңғылында орналасқан
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Достық даңғылы, 40/1 мекенжайында орналасқан дәмханаға жапсарлас құрылыстың бұзыла бастағанын хабарлады.
Аlmaty.tv-ның мәліметіне қарағанда, сот шешімімен нысан заңсыз салынған деп танылды. Дамхана рұқсат құжаттарынсыз салынған жапсарлас құрылыста орналасқан.
Былтыр 19 маусымда басқарма бұзушылық фактілері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 319, 322-баптарының 1-бөлігі бойынша «Ала кафе» ЖШС-не қатысты шара қабылдады.
2023 жылдың 20 шілдесінде әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қосымшаны заңсыз деп тапты, алайда жауапкер апелляциялық шағым түсірді.
Алматы қалалық сотының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.
Бүгін сот шешімін орындау үшін құрылыс бұзыла бастады.