Жеті бала аман қалды
Екібастұзда тұрғын үйден шыққан өрттен 20 адам құтқарылды. Олардың жетеуі – бала. Құтқарушылар өртті жарты сағатта сөндіріп үлгерді.
ҚТК телеарнасының хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 07:08-де қалалық төтенше жағдайлар департаментіне Абай көшесі, 49/2 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты үйдің 4-қабатында пәтердің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтауға лезде жетті. Оқиға орнына барғанда екі бөлмелі пәтердің балконы мен қонақ бөлмесінде үй заттарының жанып жатқаны анықталған. Өрттің аумағы 12 шаршы метр болды, – делінген хабарламада.
Өрт сөндіру бөлімшелері баспалдақпен көтерілгенге дейін үйдің кіребересінде тұратын 20 адам өз бетінше далаға шығып үлгерген. Жалын сағат 07:25-те ауыздықталып, сағат 07:47-де сөндірілді.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.