Ақтау әуежайына азаматтардың құқығын бұзды деген айып тағылды

Динара Амантай

Монополияға қарсы орган тиісті шараларды қолдана отырып тексеру тағайындамақ

Фото: Halyq Uni

Ақтау әуежайы арқылы облыс аумағынан ұшуды жоспарламаған адамдарды тексеру азаматтардың конституциялық құқығын бұзу болып табылады. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес әуе кемесінің, әуе кемесінің жолаушылары мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұшу алдындағы тексеруге әуе кемесі, оның бортындағы құралдар мен тағамдары, экипаж мүшелері, жолаушылар, багаж, қол жүгі, оның ішінде жолаушылардың өзімен алған заттары, бұған қоса жүктер мен пошта төлемдері жатады. Алайда, аталған нормаларды бұза отырып әуежай қызметкерлері ұшу немесе әуе кемесіне кіру мақсаты жоқ, тек жолаушыларды шығарып салып, қарсы алып жатқан адамдар да тексеріп жатыр, – деп түсіндірді ведомствода.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті мұндай қосымша тексеру шараларын лаңкестік қауіп төнген жағдайда қолдануға болатынын айтты.

Жолаушылар терминалының кіреберісінде орналасқан тексеру жабдықтары авиациялық қауіпсіздіктің қосымша шаралары болып табылады және террористік қауіп төнген жағдайда пайдаланылуы тиіс, өйткені әуежай террористік шабуылдарға осал стратегиялық нысан болып табылады, – деп атап өтті монополияға қарсы орган.

Жергілікті lada.kz басылымының мәліметінше, қазіргі уақытта Маңғыстау облысының аумағында террористік қауіп жоқ екеніне қарамастан, Ақтау әуежайында ұшу мақсаты жоқ азаматтар әлі де тексеруден өтіп жатыр. Сондықтан Ақтау әуежайының басшылығына құқық бұзушылықты жою туралы хабарлама берілді. Егер 30 күнтізбелік күннен кейін Ақтау әуежайында билетсіз адамдарды тексеруді жалғастырылса, монополияға қарсы орган тиісті шаралар қабылдап, тексеру тағайындайды.