Үш аптада тағы осыншама ақша жинау жоспарланып отыр
Литван журналисі Андрюс Тапинас Украинаға «Bayraktar» ұшқышсыз ұшақ сатып алу үшін бір тәулікте 2 млн еуро жинады. Бұл туралы lrt.lt хабарлады.
Литва мен Түркия Қорғаныс министрліктері менің ұсынысыма қарсылық білдірмеді, ал өндірісші келісімін берді. Осыдан кейін менің ойымнан «Bayraktar» деген сөз кетпей тұрып алды, – деді ол.
Бұған дейін түріктің «Baykar» компаниясының өнімін украин әскерилері Ресей Қарулы күштеріне қарсы өте тиімді пайдаланып келген еді. Мамырдың басында «Bayraktar TB2» әскери ұшқышсыз ұшағынан жіберілген ракета Ресейдің Қара теңіздегі Змейный аралының жанында тұрған десантшылар кемесін жойып жіберді.
Украина қанжары қара түнде жарқ-жұрқ ете қалды. Ресей армиясын жерлеуші құрал. Жоғары дәлдікті лазерлі соққысы бар және танкіге қарсы ұзақ қашықтықты «ауа-жер» ракеталы пилотсыз тактикалық жауынгерлік ұшақ. Украинадағы соғыста «Байрактарлар» Ресейдің командалық пункттерін, танкілері мен ракета қондырғыларын жойып үлгерді, – деді Тапинас.
Литван журналисі 24 сағатта 2 142 887 еуро жинады. Жалпы, үш аптада 5 млн еуро жинау көзделіп отыр. Акция #bayraktarasUkrainai деген хештегпен болып жатыр. Тапинастың Laisvės TV жекеменшік медиа компаниясының өзі 62 000 еуро жинап берді.