Электронды лездік лотереяны тарату уақытша тоқтатылады
Елімізде электронды лотереяны сату терминалдарының жұмысы тоқтатылды.
Туризм және спорт министрлігі 30 қаңтардан бастап елімізде Lotomatic терминалдары/киоскілері арқылы электронды лездік лотереяны тарату уақытша тоқтатылғанын хабарлады.
Алайда кейбір жерде Lotomatic «сары-көк» ресми терминалдарына ұқсас безендірілген жалған аппараттар заңсыз жұмыс істеуі мүмкін. Осыған орай азаматтардан қырағы болуды және заңсыз лотерея терминалдарының қызметтерін пайдаланбауды, сондай-ақ заңсыз жұмыс істеп тұрған Lotomatic киоскілері немесе лотерея терминалдарын байқаған адамның министрліктің Telegram чат-ботына (https://t.me/stop_online_casino_bot)https://t.me/stop_online_casino_bot) (https://t.me/stop_online_casino_bot) және WhatsApp (+7 707 9071507) желісіне хабарлауды сұраймыз. Әрбір өтініш лотерея операторы мен құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, мұқият қаралатын болады. Құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылады, – делінген хабарламада.
Министрлік мемлекеттік органдардың қоғам өкілдері көмегімен электронды лездік лотереялардың заңсыз қызметін тоқтататынына сенім білдірді.