Құны 1 млрд теңге тұратын құнды жәдігер Қазақстанға Якутиядан әкелінген
Нұр-Сұлтан қаласы №2 Сарыарқа аудандық сотының үкімімен мамонттардың және біздің заманымызға дейінгі мүйізтұмсықтың мүйіздерін контрабандалық жолмен шығаруға оқталған азамат 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Мамандардың есебі бойынша тәркіленген мүйіздердің салмағы 5 тоннадан, ал құны 1 млрд тенгеден асады. Ежелгі алыптардың қалдықтары біздің елімізге Ресей Федерациясы, Саха Республикасынан әкелінген (Якутия).
Осы заттарды шығаруға лицензияны алу үшін Қазақстанның уәкілетті органына аккредитациясынан айырылған, мәдени құндылығы жоқ жөніндегі жалған шешімі көрсетілген Ресей маманының қорытындысы ұсынылған. Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Ресейдегі әріптестермен бірлесе тергеумен сотталушының кінәсін дәлелдейтін заттай дәлелдемелер жинақтылды», - деді Бас көлік прокуратурасы.