×

Майқайыңдағы апат: жоғалған құтқарушының әйелі мәлімдеме жасады

Майқайыңда шұңқырға құлаған автобуспен бірге табылмай жатқан құтқарушы Айдос Шаймерденнің әйелі әлеуметтік желі арқылы тағы да үндеу жолдады

 Халық үні 07.02.2024 | 08:50
Фото; t.me/AsaiynBaikhan

Майқайыңда шұңқырға құлаған автобуспен бірге табылмай жатқан құтқарушы Айдос Шаймерденнің әйелі әлеуметтік желі арқылы тағы да үндеу жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Нұрсұлу Шаймерденнің айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілген бір ай ішінде «Майқайыңалтын» кәсіпорнының білікті мамандары тартылмаған. Олар жер жағдайын жақсы білер еді дейді. Тек, жекеменшік құтқару қызметтеріне жүгінген. Ол осы уақытқа дейін тек автобусты іздегендеріне айран асыр.

«Бәлкім алғашқы күні денесі табылған екі құтқарушы секілді мына екеуінің де денесі шұңқырдың бір бұрышында топырақ астында жатқан шығар. Біз солай екеніне сенімдіміз. Темір-терсек автобусты іздеп қайтеді. Одан да адамдарды іздесін. Әлбетте, іздестіру кезінде басқа құтқарушыларға төнген қауіптің бар екенін түсінеміз. Алайда, осылай орта жолда қалдыру адамгершілікке жатпайды ғой. Жұмыстарды тоқтатуға болмайды. Барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жалғастыру қажет деп есептеймін», - деп күйінеді құтқаршының әйелі.

Айдос Шаймерденнің жары өзінің және туыс-туғандарының атынан жедел штабқа бірнеше талап қойып отыр.

«Біріншіден, екі адамды іздестіру жұмыстарын тоқтатпасын. Екіншіден, автобус құлаған тұста жоғалғандардың денесі жатуы мүмкін жерлерді тексерсін. Үшінші, кинологиялық қызметті қайтадан тартсын. Төртіншіден, еліміздің басқа аймақтарынан немесе Ресей елінен тәжірибелі мамандарды алдыртсын», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама