Қарашадан бері қызбен психологтар жұмыс істеген.
Қайғылы оқиға 6 ақпанда «Низамхан» жекеменшік мектебінде болған, деп хабарлады OTYRAR.
Белгілі болғандай, қыз 8 сыныпта оқыған. Бірінші сабақта ол өзін нашар сезінген. Директордың айтуынша, мектепке жедел жәрдем қызметі келген. Алдын ала болжам бойынша, 6 ақпанға қараған түні оқушы көп дәрі ішкен. Жақсақтау бөліміне жеткізгенмен, құтқарып қалу мүмкін болмады. Түске қарай қайтыс болғаны белгілі болды.
«Баланың жағдайы нашарлады. Жедел жәрдем шақырдық. Не болғанын білмедік. Ол түнде 40 шақты жүрек дәрісін ішіп, мектепке келген деді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Қыз бала тұйық болмаған, сыныптастарымен араласты. Олар бүкіл сынып болып 79-мектептен ауысып келді. Құдалау болған емес»,- дейді «Низамхан» жекеменшік мекбебінің директоры Юлия Сергеевна.
Директордың айтуынша, бұл бірінші жағдай емес.