×

ІІМ басшылық қызметтерінде ауыс-түйіс болды

Бұл Iшкі істер министрлігінің кадрлық тағайындауының жаңа форматы екені атап өтілген

 Халық үні 27.05.2022 | 08:42
фото: Polisia.kz

Министрліктің басшылығы орталық аппарат және облыстық полиция буынының басшылық қызметтеріне үміткерді қарастырды. Ұсынылған кандидаттардың әрқайсы бөлек қаралды. Бұл Iшкі істер министрлігінің кадрлық тағайындауының жаңа форматы екені атап өтілген.

Министр Марат Ахметжанов және оның орынбасарлары үміткерлердің кәсібилігі мен жеке қасиеттерін талқылады. Министр үміткерлердің әрқайсымен жеке әңгімелесу барысында оларға қойылатын талаптар мен ведомство қызметтері және оның басшыларының міндеттерін пысықтап өтті.

Кандидатураларды қарау және әңгімелесу нәтижелері бойынша министрліктің бұйрығымен:

– ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымына Айдос Рысбаев;

– ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы лауазымына Хаджи-Ғали Имажанов;

– ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары лауазымына Шыңғыс Алекешев;

– ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары лауазымына Дамир Тайжанов;

– Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Рүстем Тұңғышбаев тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23