×

Қазақстанда омикрон штамы анықталған жоқ – ДСМ

ДДСҰ «Омикрон» штамын қауіпті деп таныған

 Ербол Тұрымбет 24.12.2021 | 13:42
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған науқастар сынамасында омикрон штамы анықталғаны туралы хабарлама тарады. Алайда, бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев жергілікті БАҚ таратқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың «Омикрон» штамын қауіпті деп таныды. Бұл жаңалық қаржы биржаларындағы бағаны түсіріп, көптеген мемлекет шетел азаматтарының елге кіру шарттарын өзгертіп жатыр. Оның ішінде Қазақстан да бар.

Омикрон штамын республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ВАК 3 желтоқсаннан бастап мынадай шектеу іс-шараларын енгізу туралы шешім қабылдады:

Бірінші - Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу.

Екіншіден, «Омикрон» анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египеттен келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР-тестілеу енгізіледі.

Үшіншіден, «Омикрон» анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантинге оқшаулануға тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама