×

Қазақстан құрамасы Армениямен жолдастық матч ойнайды

Ойын 7 маусымда Еревандағы Вазген Саркисян атындағы Республика стадионында болады

 Дастан Жұмабекұлы 06.02.2024 | 17:56
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан футбол федерациясы мен Армения футбол федерациясы жолдастық ойын өткізу туралы келісімге келді.

Матч 7 маусымда Ереван қаласындағы Вазген Саркисян атындағы Республика стадионында өтеді.

Бұған дейін екі елдің құрамалары 7 рет кездесіп, Армения 4 рет, Қазақстан 2 рет жеңіске жеткен болатын. Бір ойын тең аяқталды.

ФИФА рейтингінде Армения құрамасы 93-орында тұр.

Қазақстан футбол федерациясынан тағы бір жаңалық, Бауыржан Сағындық 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды. Ол өзі де футбол ойнап, «Ертіс», «Энергетик-2», «Намыс», «Астана-1964» және «Гефест» секілді командаларда өнер көрсеткен.

Жаттықтырушы мансабын 2009 жылы «Ертіс» жастар командасында бастаған. 2017-2018 жылдары «Ертіс» ФК жастар футболын дамыту бағдарламасының басшысы қызметін атқарды. Сондай-ақ Бауыржан Сағындық «Жұлдыз» және «Ақсу» футбол орталықтарында жұмыс істеді. 

2017-2018 жылдары Қазақстан U-20 құрамасында бапкерлер штабында қызмет атқарған.

2022 жылы Бауыржан Сағындық «Ақсу» футбол клубына жаттықтырушылар штабына шақырту алып, бас жаттықтырушының көмекшісі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама