×

KISSFF 2023 кинофестивалінде Ерғали Шамей туралы фильм жеңімпаз атанды

«Үміт сәулесі» фильмі спорт тақырыбында түсірілген 

 Дастан Жұмабекұлы 06.02.2024 | 16:55
Фото: instagram.com/umit.saulesy/

Парадзюдодан әлем және Азия чемпионы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері Ерғали Шамей туралы көркем фильм халықаралық кинофестивальде жеңімпаз атанды.

Бұл кинофестиваль Африканың Кения елінде болды. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен спорт туралы фильмдерін ұсынған елдердің өкілдері жиналды. Осы өнер додасында елімізде парадзюдошының өміріне арнап тұңғыш рет түсірілген «Үміт сәулесі» фильмі бас жүлдені жеңіп алды.

Біздің фильміміздің басты кейіпкері – Ерғали Шамей. Моңғолияда туған қандасымыз 18 жасында Қазақстанға көшіп келіп, 2015 жылы жаттықтырушының арнайы шақыртуымен спортпен айналыса бастады. Ерғали Шамей өзінің жауынгерлік болмысы, еңбекқорлығы және спортқа ептілігінің арқасында пара дзюдодан халықаралық спорт шебері болды. Жақын арада сіздерді біздің басты кейіпкеріміздің мінезін, қайсарлығын және жалпы болмысын ашып сомдайтын актермен таныстыратын боламыз.

Бұл кино шынайы өмірге негізделген. Ол спорт тақырыбына түсірілген фильмдердің ішінде 2023 жылдың үздігі атанды. Фильм жақын арада телеарналардан көрсетіледі», – делінген «Үміт сәулесі» фильмінің Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетсек, бұл киножоба Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен түсірілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама